MNU PhD докторантурасы
MNU PhD докторантура бағдарламасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін ғылымның тар бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығын және пәндерді тереңдетіп оқытуды көздейді.
Бағдарлама шеңберінде шетелдік тағылымдамалар, оқу және белгілі шетелдік ғалым-профессорлармен консультациялар көзделген.
MNU-де оқудың артықшылықтары
Кешкі оқыту
Кәсіби мамандар үшін икемді кесте жасай отырып, жұмыс пен оқуды қатар алып жүруге мүмкіндік береді.
Халықаралық кәсіби сертификаттар
Магистратура бағдарламаларына CFA, GARP, ACCA, CIMA, IHRCI, ICAEW секілді халықаралық сертификаттарға кәсіби дайындық кіреді.
Академиялық ұтқырлық және Erasmus+
MNU әлемнің 30 елінен 95-тен астам университеттерде оқу арқылы халықаралық академиялық тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
Халықаралық аккредитациялар
MNU — QAA (Quality Assurance Agency, Ұлыбритания) аккредитациясын алған Орталық Азиядағы алғашқы университет. Сондай-ақ, университет: FIBAA, ACCA, CFA Institute, CIMA, IQAA, IHRCI, DAAD, GARP, ICAEW Chartered Accountants, Association of MBAs ұйымдарымен аккредиттелген.
QAA сарапшыларының бағалауынан өткен жоғары оқу орындарының қатарында University of Oxford, University of Cambridge, King's College London және әлемнің басқа да жетекші университеттері бар.
Докторантура бағдарламалары
Құқық жоғары мектебі
3 жыл оқу
Бағдарлама дербес ғылыми зерттеулер жүргізуге және республикада ғылымның дамуына елеулі үлес қосуға қабілетті ұлттық құқық саласындағы ғылыми кадрларды даярлауға бағытталған.
Qualitative Research Methods and Ethics
Quantative Research Methods
Advanced Publishing
Оқыту тілі: орыс
Халықаралық экономика мектебі
3 жыл оқу
PhD экономика бағдарламасы академиялық және ғылыми мансап үшін экономика саласындағы эмпирикалық зерттеулерге баса назар аудара отырып, болашақ кәсіби зерттеушілерді қалыптастыру үшін терең теориялық білім мен практикалық зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Бағдарлама түлектері академиялық ортада, халықаралық және жергілікті зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік органдарда жұмыс істей алады.
An Introduction to the Philosophy of Social Sciences
Causal Inference and Quasi-Experimental Research
Causal Inference and Quasi-Experimental Research
Оқыту тілі: ағылшын
Ғылыми тағылымдама
Ғылыми база
Диссертациялық зерттеудің ғылыми базасын жетілдіру, шетелдік мамандардан кеңес алу және әлемнің жетекші кітапханаларында жұмыс істеу үшін докторанттар ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде бүкіл оқу кезеңінде кемінде 30 күнтізбелік күн бойы бір рет шетелдік білім және ғылым ұйымдарына көшпелі тағылымдамадан өтеді.
Тағылымдамадан өту орны
Тағылымдамадан өту орны білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына, докторлық диссертация тақырыбына және шетелдік консультанттың жұмыс орнына сәйкес келеді.
Тағылымдама бағдарламалары
Тағылымдама бағдарламалары университет пен шетелдік әріптес жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер, сондай-ақ шетелдік консультанттармен меморандумдар шеңберінде іске асырылады. Тағылымдаманы Құжаттамалық сүйемелдеуді (іс-сапарға жіберу туралы бұйрықтар, шығыстар сметалары) Жоғары Мектеп жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы азаматтары үшін қабылдау процесі
Докторантураға толық құжаттармен өтініштерді қабылдау
Докторантураға түсу емтиханын тапсыру
Құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсыру
Өтініштерді қабылдау мерзімдері
ЖЖОКБҰ-да докторантураға түсетін өтініштерді қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді.
Жазғы қабылдау
Қысқы қабылдау
*ЖЖОКБҰ-да докторантураға түсетін өтініштерді қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді. app.testcenter.kz
Түсуге қойылатын талаптар
Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші бір ЖЖОКБҰ және білім беру бағдарламаларының бір тобын көрсетеді.
Қабылдау емтиханының электрондық сертификаты ҰТО сайтында расталады.
* 4-20 тамыз аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды;
* 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген қабылдау емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жарамды.
Қабылдау кезеңдері
Шекті балын жинау
Қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды.
Шекті балл саны - 75 балл.
Кіріспе емтихан келесі бөлімдерден тұрады:
емтихан комиссиясы өткізетін түсушімен сұхбаттасу - 30 балл;
эссе жазу - 20 балл;
білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар - 50 балл.
ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНА 3 САҒАТ 30 МИНУТ (210 МИНУТ) БЕРІЛЕДІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ:
Сұхбаттасу 20 минут
Сұхбаттасу оқуға түсушінің кәсіби және жеке қасиеттерін, ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу әлеуетін бағалауға бағытталған.
Сұхбаттасу бейне байланысты міндетті түрде пайдалана отырып, қашықтықтан жүргізіледі.
Бейнежазба мұрағатта кемінде үш жыл сақталады.
Сұхбаттасу хаттамаға сәйкес ресімделеді, оған емтихан комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Түсуші сұхбатқа келмеген жағдайда 0 балл қойылады, хаттамаға сәйкес ресімделеді, оған емтихан комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Эссе жазуға және МБП профилі бойынша емтихан сұрақтарына — 190 минут (3 сағат 10 минут)
Сұрақтар
Құжаттарды тапсыру
Докторантураға түсу үшін құжаттар
Докторантураға түсетін тұлғалар келесі құжаттар тізімін тапсырады:
еркін нысандағы өтініш;
білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырған кезде);
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
шетел азаматтарын қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
075/у нысаны бойынша Медициналық анықтама;
өлшемі 3х4 болатын 6 фотосурет;
шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдардың тізімі (бар болса), зерттеу және эссе жүргізу жоспары;
Admission fee төлем туралы түбіртек
Құжаттарды тапсыру талаптары
4), 5) және 8) тармақшалардағы құжаттар түпнұсқа және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған кезде қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттар
Ағылшын тілі
* English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (English az a Forin language institutional testing Programm тесті) (TOEFL ITP) (TOEFL ITPI) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.
IELTS Academic
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АИЛТС Академик) шекті балл-кемінде 5.0
TOEFL iBT
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ) шекті балл-кемінде 35
TOEFL ITP
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ) шекті балл - кемінде 417;
TOEIC
Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн) шекті балл - кемінде 550
Duolingo English Test
Duolingo English Test (Дуолинго Ингиш тест) шекті балл - кемінде 80
Неміс тілі:
DSH
Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang Niveau B1 (дойче шпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво B1) (DSH, Niveau B1) (ДИСИЭиЧ, ниво В1) B1 деңгейінен төмен емес
TestDaF
TestDaF-Prufung Niveau Bl (тестдаф-прюфун ниво B1) (TDF Niveau B1) (ТИДИЭФ, нивО В1) B1 деңгейінен төмен емес
француз тілі:
TFI
Test de Francais International™ - Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес
DELF
Diplome d'Etudes en Langue francaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ) B1 деңгейінен төмен емес
DALF
Diplome Approfondi de Langue francaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ) B1 деңгейінен төмен емес
TCF
Test de connaissance du francaise - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) B1 деңгейінен төмен емес
Шетел азаматтары үшін қабылдау процесі
Шетел азаматтары магистратураға сұхбаттасу негізінде түседі
Сұхбат онлайн режимінде және таңдалған білім беру бағдарламасының тілінде өтеді.
Сұхбаттан сәтті өткеннен кейін үміткер қабылдау комиссиясына қажетті құжаттар пакетін дайындап, тапсыру мүмкіндігіне ие болады.
Шетел азаматтары үшін құжаттар тізімі
Паспорт
Жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа)
Білім туралы құжатқа апостиль / легализация (құжат берілген елге байланысты – Білім министрлігі немесе Әділет министрлігі арқылы рәсімделеді)
Сотталмағандығы туралы анықтама
Еңбек қызметін растайтын құжат
Сұхбат хаттамасы
3x4 өлшемді 6 фотосурет
Қабылдау комиссиясының хаттамасы
Мотивациялық хат
Соңғы 3 жыл ішіндегі ғылыми жарияланымдар тізімі (бар болса), зерттеу жоспары және эссе
Паспорттың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы (3 дана)
Білім туралы құжаттардың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы (2 дана)
075/у нысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқа)
Флюорография (түпнұсқа)
Білім туралы құжаттарды тану (куәлік)
Бір реттік төлемді растау түбіртегі