Магистрлік бағдарламалар

Магистрлік бағдарламалар

Магистратура — белгілі бір білім саласын немесе мамандандыруды тереңдетіп оқуға бағытталған бакалавриаттан кейінгі білім деңгейі.

Өз білімін мен дағдыларын кеңейтуді, кәсіби біліктілігін арттыруды мақсат ететіндерге, сондай-ақ ғылыми және академиялық салада мансап құруды көздейтіндерге пайдалы бола алады.

MNU магистратурасында оқудың артықшылықтары

01

Кешкі оқыту

Кәсіби мамандар үшін икемді кесте жасай отырып, жұмыс пен оқуды қатар алып жүруге мүмкіндік береді.

02

Халықаралық кәсіби сертификаттар

Магистратура бағдарламаларына CFA, GARP, ACCA, CIMA, IHRCI, ICAEW секілді халықаралық сертификаттарға кәсіби дайындық кіреді.

03

Академиялық ұтқырлық және Erasmus+

MNU әлемнің 30 елінен 95-тен астам университеттерде оқу арқылы халықаралық академиялық тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

04

Халықаралық аккредитациялар

MNU — QAA (Quality Assurance Agency, Ұлыбритания) аккредитациясын алған Орталық Азиядағы алғашқы университет. Сондай-ақ, университет: FIBAA, ACCA, CFA Institute, CIMA, IQAA, IHRCI, DAAD, GARP, ICAEW Chartered Accountants, Association of MBAs ұйымдарымен аккредиттелген.

QAA сарапшыларының бағалауынан өткен жоғары оқу орындарының қатарында University of Oxford, University of Cambridge, King's College London және әлемнің басқа да жетекші университеттері бар.

Магистратура бағдарламалары

Maqsut Narikbayev University-де магистратура екі форматта ұсынылады

Бейіндік магистратура

1-1,5 жыл

  • Біліктілігін арттыруға ұмтылатын мамандарға бағытталған

  • Кәсіби білімді тереңдетуге көмектеседі

  • Тәжірибеде заманауи тәсілдерді қолдануға бағытталған

  • Басқарушылық құзыреттіліктерді дамытады

  • Кәсіби қызметке арналған қолданбалы дағдыларды қалыптастырады

  • Мансаптық өсуге ықпал етеді

Ғылыми-педагогикалық магистратура

2 жыл

  • Ғылыми зерттеулермен айналысуды жоспарлаушыларға арналған.

  • Болашақ оқытушыларға бағытталған

  • Докторантураға түсуге дайындық

  • Мамандықты тереңдетіп оқу

  • Академиялық дағдыларды дамыту

  • Зерттеу құзыреттіліктерін дамыту

Мектептер мен білім беру бағдарламалары

Халықаралық экономика мектебі

3 білім беру бағдарламасы

Өтінім беру
M070Экономика
M074Қаржы, банктік және сақтандыру ісі
M064Халықаралық қатынастар

Жоғары гуманитарлық мектеп

3 білім беру бағдарламасы

Өтінім беру
M056Аударма ісі, синхронды аударма
M059Шетел филологиясы

Қос дипломдық бағдарламалар

LLM International economic law and process

LLM «International economic law and process» магистратурасы – Martin-Luther-Universität Halle-Wittenberg (Германия) университетімен бірлескен бағдарлама, оқыту тілі – неміс тілі.

«Халықаралық құқық» магистратурасы

«Халықаралық құқық» магистратурасы – Wismar университетімен (Германия) бірлескен бағдарлама, оқыту тілі – орыс тілі.

«Халықаралық құқық» магистратурасы

«Халықаралық құқық» магистратурасы – Орал мемлекеттік заң университетімен (Ресей) бірлескен бағдарлама, оқыту тілі — орыс.

«Халықаралық экономикалық құқық» магистратурасы

«Халықаралық экономикалық құқық» магистратурасы – «Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебімен»» (Ресей) бірлескен бағдарлама,, оқыту тілі — орыс.

*Қос дипломды бағдарламаларға өтініштер Халықаралық құқық білім беру бағдарламасына қабылданғаннан кейін беріледі.

Қазақстан Республикасы азаматтары үшін қабылдау процесі

1

Кешенді тестілеуден өту

2

Шекті балл жинау

3

Қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру

Маңызды күндер

Кешенді тестілеуге (КТ) тіркелу сайт арқылы жүзеге асады

КТ-ге тіркелу кезеңдері

Жазғы қабылдау1 маусымнан 8 шілдеге дейін
Қысқы қабылдау28 қазаннан 10 қарашаға дейін

Тестілеу өткізу кезеңдері

Жазғы қабылдау20 шілдеден 10 тамызға дейін
Қысқы қабылдау18 қарашадан 1 желтоқсанға дейін

*20 шілдеден 10 тамызға дейін өткізілген КТ сертификаты ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

*18 қарашадан 1 желтоқсанға дейін өткізілген КТ сертификаты келесі жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

Қабылдау

Өту балдары

Бейіндік магистратура

1–1,5 жыл оқу

Ең төменгі өту балы — 70 мүмкін балдан 30. Әр блок бойынша кемінде 7 балл жинау қажет.

Бейіндік пән 1
Макс. балдар30
Өту балы7
Бейіндік пән 2
Макс. балдар40
Өту балы7
Жиыны
Макс. балдар70
Өту балы30
Ғылыми-педагогикалық магистратура

2 жыл оқу

Өту балы — 150 мүмкін балдан 75. Шет тілі бойынша кемінде 25 балл және басқа блоктардың әрқайсысы бойынша кемінде 7 балл.

Шет тілі
Макс. балдар50
Өту балы25
ТДА (Дайындық тесті)
Макс. балдар30
Өту балы7
Бейіндік пән 1
Макс. балдар30
Өту балы7
Бейіндік пән 2
Макс. балдар40
Өту балы7
Жиыны
Макс. балдар150
Өту балы75

Қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру

Құжаттар тізімі:

Диплом және қосымшасы (түпнұсқа);

3x4 өлшемді 6 фото (түпнұсқа және онлайн нұсқасы);

075-У үлгісіндегі медициналық анықтама (мөрі бар түпнұсқа);

Флюорография суреті (мөрі бар түпнұсқа);

Жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі

*Зияткерлік меншік және бизнес құқығы білім беру бағдарламасына түсушілер үшін ағылшын тілі деңгейін растау қажет: IELTS 6.0/Duolingo English Test 105-115/TOEFL 60-78

Әскери есепке алу куәлігі немесе әскери билетінің көшірмесі;

Кешенді тестілеу (КТ) нәтижесі туралы сертификат;

Admission fee төлемі туралы түбіртек

Students

Кешенді тест пәндері (КТ)

Магистратураның әрбір білім беру бағдарламалар тобы үшін бейіндік пәндер.

Бағдарламалар тобыМамандықБейіндік пән 1Бейіндік пән 2
M056Аударма ісі, синхронды аударма

Аударма ісі

Аударма теориясыКәсіби бағытталған шет тілі
M059Шетел филологиясы

Қолданбалы лингвистика

Зерттелетін тіл теориясының негіздеріКәсіби бағытталған шет тілі
M064Халықаралық қатынастар

Саясаттану және халықаралық қатынастар

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатыДипломатиялық және консулдық қызмет
M066Психология

Консультативтік психология

Жалпы психологияДаму психологиясы
M070Экономика

Экономика

Кәсіпорын экономикасыМакроэкономика
M074Қаржы, банктік және сақтандыру ісі

Қаржы

Қаржы негіздеріКорпоративтік қаржы
M078Құқық

Құқықтану

Бәсекелестік құқық

Құқық IT

Халықаралық құқық

Зияткерлік меншік және бизнес құқығы

Мемлекет және құқық теориясыСитуациялық жағдай

Шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттар

келесі сертификаттардың бірі бар үміткерлер магистратураға шет тілі бойынша КТ тестінен босатылады.

ағылшын тілі:

IELTS (АЙЛТС)/International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем) шекті балл - кемінде 6,0;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИиТи) шекті балл - кемінде 60;

неміс тілі:

Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (дойче прахпрю фун фюр дейн хохшулцуган) - DSH, Niveau С1/деңгей С1

TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) - DSH, Niveau С1/деңгей С1

француз тілі:

Test de Francais International™ - Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес

Diplome d'Etudes en Langue francaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ) - B2 деңгейі

Diplome Approfondi de Langue francaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ) - С деңгейі

Test de connaissance du francaise - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) - кемінде 50 балл

$

Қаржыландыру мүмкіндіктері

Ақылы негізде оқу

Maqsut Narikbayev University Scholarship

шетел азаматтарына арналған арнайы олимпиада нәтижелері негізінде берілетін университеттің ішкі гранты.

*Өткізу мерзімі мен қатысу талаптары туралы ақпарат жақын арада жарияланады. Жаңартуларды бақылаңыз.

Мерзімді оқу гранты

WIPO Scholarship

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) «Зияткерлік меншік және бизнес құқығы» магистрлік бағдарламасы бойынша оқу үшін берілетін халықаралық гранты

Maqsut Narikbayev University Scholarship

Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған арнайы олимпиада нәтижелері негізінде берілетін университеттің ішкі гранты.

*Өткізу мерзімі мен қатысу талаптары туралы ақпарат жақын арада жарияланады. Жаңартуларды бақылаңыз.

Жақында

Шетел азаматтары үшін түсу процесі

1

Шетел азаматтары магистратураға сұхбаттасу негізінде түседі

2

Сұхбат онлайн режимінде және таңдалған білім беру бағдарламасының тілінде өтеді.

3

Сұхбаттан сәтті өткеннен кейін үміткер қабылдау комиссиясына қажетті құжаттар пакетін дайындап, тапсыру мүмкіндігіне ие болады.

Құжаттар тізімі (шетел азаматтары үшін):

Паспорт

Жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа)

Білім туралы құжатқа апостиль / легализация (құжат берілген елге байланысты – Білім министрлігі немесе Әділет министрлігі арқылы рәсімделеді)

Сотталмағандығы туралы анықтама

Сұхбат хаттамасы

3x4 өлшемді 6 фотосурет

Қабылдау комиссиясының хаттамасы

Мотивациялық хат

«Зияткерлік меншік және бизнес құқығы» білім беру бағдарламасы үшін шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат:

IELTS Academic – кемінде 6.0 / Duolingo English Test – кемінде 105 / TOEFL IBT – кемінде 60

Бір реттік төлемді растау түбіртегі

Қазақстан Республикасына қабылданғаннан және келгеннен кейін тапсыратын құжаттар:

Паспорттың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы (3 дана)

Білім туралы құжаттардың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы (2 дана)

075/у нысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқа)

Флюорография (түпнұсқа)

Білім туралы құжаттарды тану (куәлік)